Ұстаз - ұлы есім

Ұстаз - ұлы есім

2021 жылғы 5 мамырда Алматы қаласының әкімдігінде педагогикалық еңбек ардагері Генриэтта Ивановна Шестаковаға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын беру рәсімі өткізілді.

Генриэтта Ивановна мұғалім мамандығына 30 жылдан астам уақытын арнады.Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі жоғары кәсіби жетістіктері, білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін ол әр жылдары көптеген құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және наградалармен, оның ішінде «Білім беру үздігі» және «9-шы бесжылдықтың екпіндісі» төсбелгілерімен марапатталған.

Генриэтта Ивановнаның оқушылары арасында әскери басшы Әлібек Қасымов, режиссер Рашид Нұғманов, гроссмейстер Анатолий Вайсер және басқалары бар.