2021 жылғы сәуірдің 28-30 күндері аралығында Алматы қаласы Білім басқармасы және Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемлелік орталығымен «Көптілді білім беру: тәжірибе және перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Мақсаты: Қазақстан Республикасында көптілді білім берудің отандық және әлемдік тиімді стратегияларын енгізу арқылы білім кеңістігін дамыту.
Конференцияда орта білім беру ұйымдарындағы үштілділік бағдарламасының негізгі стратегиялары, қазақ тілін оқытудағы инновациялық тәсілдер, орта білім беру ұйымдарындағы интеграцияланған білім берудің негізгі бағыттары, ұлттық тілде оқытатын мектептердегі көптілді бағдарламалардың ерекшеліктері жайлы т.б. мәселелер талқыланды.
Конференция жұмысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті, оған Алматы қаласы мектептерінің директорлары, директордың орынбасарлары, физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде жүргізетін мұғалімдер және АҚШ, Болгария, Эстония, Монғолия, Италия, Щвецария, Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан мемлекеттерінен өкілдер қатысты.
Сөз сөйлеушілер өз елдеріндегі көптілді білім берудің озық тәжірибелерімен бөлісті.
Конференцияны ЕҚЫҰ мен АҚШ елшілігінің RELO қолдады.