Хабарлама

Хабарлама

Алматы қаласы Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» № 122 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін Алматы қаласындағы жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарға мектепке қабылданғанға дейін 2 жастан асқан балалар үшін2500 орынға байқау жариялайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бюджеттік бағдарламаның әкімгерітиісті бюджет комиссиясы жергілікті бюджеттен қаражат бөлуді қарағаннан кейін жеңімпаздар деп танылған Алматы қаласының жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарымен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шарт жасайды.

Алматы қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс жекеменшік балабақшалар арасында өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 2021 жылы мамырдың 4 мен 26 аралығында өтеді, құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 мекенжайындағы 356-кабинетте жүзеге асырылады, тел 262-34-96; 262-23-86; 272-13-08.