Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз

Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз

2021 жылғы 20-26 сәуір аралығында 3 жылға дейінгі педагогикалық өтілі бар жас мұғалімдердің арасында «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» атты республикалық байқау өтті.

Байқауға Алматы қаласынан № 90, 133, 173 мектептердің мұғалімдері қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша № 173 мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Хамитова Ж.Б. Бас жүлде иегері атанды, ал 1 орынды № 133 жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жұмабекова Н.С. алды.

№ 90 мамандандырылған мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Күлбек А.Б. «Дарынды мұғалім» номинациясы бойынша грамотамен марапатталды.