2021 жылы 26 сәуір күні Алматы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Оқу пәндерінің құралдарымен бала тұлғасының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың барлық қырлары» тақырыбында педагогикалық идеялар калейдоскоп байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты - қазіргі таңдағы мәселелерге негізделе отырып, «бәсекеге қабілетті тұлғаны» анықтау.
Қалалық байқауға сегіз ауданның (Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай, Түрксіб) орта білім беретін ұйымдарынанүздік деп танылған бес пән мұғалімдері қатысты.
Тақырыпты ашу үшін әр қатысушыға 15 минут уақыт берілді. Әр қатысушының таныстырылым бейнематериалдары (таныстырылым бейнематериалдары және басылған мәтін 10 бетке дейін) болды.
Қатысушының таныстырылымын дайындауға шеберлік сабақтардың мазмұны калейдоскоп тақырыбына сай болуы, жаңашылдық дәрежесі, білім алушылардың танымдық әрекеттерін өнімді дамытуға бағытталуы, мәселені шешуде ұсынылған тәсілдің өзіндік ерекшелігі, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру сапасының әдістері мен формасын тәжірибеде жүзеге асыру деңгейі, нәтиженің болуы, материалды таныстыруда үйлесімділіктің болуы, қорытынды және нақты ұсыныстардың болуы міндеттелді.
Байқауға қатысушыларды бағалаған қазылар алқасының төрайымы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, «ЖОО-ның Үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегеріЖунисова Майра Абибуллаевна.«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, тренер Арзиева Алия Тохтамысовна. Абылай хан атындағы Қаз ХҚ және ӘТУ-нің қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцентҚоңырова Ақбота Тұрағұлқызы.
Қазылар алқасының шешімімен байқаудың қорытындысы бойынша төмендегі жеңімпаздар анықталды.
I орын - Наурызбай ауданы №186 жалпы білім беретін мектептің орыс әдебиеті пәні мұғалімі Исаков А.Т.
II орын - Жетісу ауданы №118 мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі Жумагалиева А.Ж.
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның физика пәні мұғалімі Ниязбекова А.К.
III орын - Бостандық ауданы №140 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Бесирова А.С.
Алмалы ауданы №96 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сургутская И.В.
Наурызбай ауданы №188 мектеп-гимназияның география пәні мұғалімі Жақыпақын Ш.Н.
Жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды, ал орын алмаған қатысушыларға сертификаттар табысталды.