Басты назарда - балалар!

Басты назарда - балалар!

Ағымдағы жылғы 8 сәуірде Алматы қаласының Білім басқармасы «Равный-Равному плюс» Қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, аудандық білім бөлімдері басшыларының, Алматы қаласы полиция Департаментінің ЖПҚБ ЮПБ бастығы Ж. Шонжанованың, блогер В. Кудрявцевтің, Колумбия университетінің жанындағы ICAP ұйымының өкілдеріжәне басқалардың қатысуымен онлайн мәжіліс өткізді.

Іс-шара барысында білім беру ұйымдарындағы тәрбие және алдын алу жұмыстарын күшейту, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдерін балалармен жұмыс істеуге белсенді тарту, балалар мен жасөспірімдер үшін ақпараттық-түсіндіру және консультациялық сипаттағы бірлескен іс-шаралар өткізу мәселелері талқыланды.