Ашық диалог

Ашық диалог

Ағымдағы жылғы 8 сәуірде Алматы қаласы Білім басқармасының Ресурстық орталығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорларына Қазақстан              Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы        бойынша Департамент басшысының бірінші орыбасары Д. Таумұрат, «Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңесінің жетекшісі Қ.А. Тоқушевтың және Алматы қаласының Білім басқармасы басшылығының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша заң шаралары» тақырыбында онлайн семинар өткізілді.

Семинар барысында педагогтерді жұмысқа қабылдау және талапкерлерді қабылдау кезінде ашықтық қағидатын қамтамасыз ету, студенттік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, колледждерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және басқа да мәселелер талқыланды.