Білім саласындағы Халықаралық қарым-қатынас

Білім саласындағы Халықаралық қарым-қатынас

2021 жылғы 31 наурызда «Мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуының жаңа векторлары: жас маман қалыптастыру мәселелері» тақырыбында Қазақстан, Ресей және Беларуссиядан педагогтердің және мектеп директорларының қатысуымен Халықаралық білім беру телекөпірі өтті.

Аталған іс-шара жас мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау негізінде  мемлекеттердің білім беру саясатындағы кәсіби қарым-қатынас шеңберін кеңейту және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

Телекөпір аясындажас мұғалімдерге кәсіби моделін қалыптастыруға көмектесу, кәсіби бағытта өсу, мұғалімнің қалыптасу кезеңіндегі қиындықтарды жеңуіне ықпал ету, жастарды кәсіби педагогикалық шеберлік сайыстарына қатысуға дайындау және басқа да мәселелер талқыланды.

Телекөпір барысында Алматы қаласының білім беру ұйымдары атынан №133 ЖББМ директоры Н.Ж. Адамов, №27 гимназия директорының бейіндік білім беру жөніндегі орынбасары Л.Л. Крюкова баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.