Алматы қаласының Білім басқармасымен 2021 жылғы 30 наурызда өткізілген брифинг барысында ағымдағы оқу жылының 4 тоқсанындағы оқу форматы бойынша ақпарат берілді.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап оқушылар қашықтықтан оқуды жалғастырады және ата-аналар мен заңдытұлғалардың өтініштері негізінде оқушылар саны 15 баладан аспайтын 1-5, 9 және 11 сыныптарда кезекші сыныптардың жұмысы жалғастырылатын болады.
Оқушылар мен мұғалімдердің денсаулықтарын сақтау мақсатында барлық білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптардың орындалуына бақылау күшейтілді.
Оған қоса, брифингте балаларды 1 сыныптарға қабылдау бойынша құжаттарды ағымдағы жылғы 1 сәуір - 1 тамыз аралығында тапсыру тәртібі жөнінде ақпарат берілді.
Сонымен қатар, қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының1-4 курс студенттері қашықтықтан оқуды жалғастыруда.