Жоғары мемлекеттік марапатқа ие болғандардың бірі білім саласында 30 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Алматы қаласының І.Есенберлин атындағы № 25 гимназияның директоры Ғазиза Аманбай.
Гимназияның оқушылары бірнеше жыл қатарынан әртүрлі қалалық, республикалық және халықаралық олимпиадалар, турнирлер мен ғылыми жобалар сайыстарының жүлдегерлері атанып келеді. Ғазиза Аманбай басқарып отырған гимназия «Ең үздік олимпиадалық мектеп - 2015» атағын иеленіп, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған болатын.
Ғазиза Аманбай халықаралық мектептермен тәжірибе алмасудың белсенді бастамашылардың бірі, гимназия 2016 жылдан бастап Париж қаласындағы Сен-Сир Леколь әскери лицейімен, «Алматының Француз Альянсы» мәдени-білім беру ұйымымен, Қазақстандағы Франция елшілігімен және басқа да ұйымдармен жұмыс жүргізеді.