ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің Алғыс айту күнімен құттықтауы

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің Алғыс айту күнімен құттықтауы

«Бүгін – Алғыс айту күні!
Сіздерді мейірімділік, жақсылық, достық пен ізгіліктің символына айналған мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Педагог-әріптестеріме пандемия мен карантиндік шектеулер жағдайында кәсібилік танытып, қажырлы еңбек еткені үшін ерекше алғысымды білдіремін!

Мұғалімдер уақыттың жаңа сын-қатерлерін еңсеру үшін табандылық танытты. Сынақтардың арқасында мықты бола түстік.

Ұстаздарға өз ісіне деген сүйіспеншілік пен балаларға деген шексіз махаббаты үшін алғыс айтамын. Осынау қиын кезеңде қолдау көрсетіп, түсіністік танытқаны үшін оқушыларымыз бен студенттеріміздің ата-аналарына алғысым шексіз.

Біздің балаларымыз талантты әрі ақылды. Олар – еліміздің болашағы. Біз балалардың сапалы білім алып, Қазақстанның лайықты азаматтары болып өсуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке және толағай табыстар тілеймін!»

@edu_news_qz