Қазақстан Республикасының Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне үндескен мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, сондай-ақ, ата – аналарға балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, құқық бұзушылықтардың, оның ішінде суицидтік мінез- құлықтың алдын алу және психологиялық-педагогикалық ықпал етудежәне басқа да мәселелері, «Мектеп-бала-ата-ана» өзара іс-қимыл мәселелері бойынша көмек көрсету мақсатында 2021 жылғы 20 ақпанда Алматы қаласының барлық білім беру ұйымдарында «Директорлық сенбі - ата-ана үні» онлайн-кездесулері өтті.
Ата-аналар бұл бастаманы қолдап, кездесуді ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Көптеген ата-аналар мектеп басшылығы мен педагогтеріне балаларының мектеп өміріндегі туындайтын мәселелерін шешуде шұғыл түрде атсалысқандары үшін алғыстарын білдіріп, одан әрі кездесулер өткізуге қызығушылық танытты.
Ата-аналардың көпшілігін толғандыратын негізгі мәселелер: оқытудың дәстүрлі түріне оралу мерзімі, оқуға деген қызығушылықты арттыру мәселелері бойынша балаларға көмек көрсету, сондай-ақ, оқушылар арасында вакцинация жүргізу туралы және т.б. барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Кездесуге қатысқан психологтар тарапынан ата-аналардың отбасында қолайлы моральдық- психологиялық ахуал қалыптастыруға қатысуы жөнінде ұсыныстар берілді. «Тату отбасы, бақытты балалар - мемлекет өркендеуінің сенімді іргетасы» екендігі айқын.