Мұғалімдерге қолдау көрсету шаралары талқыланды

Мұғалімдерге қолдау көрсету шаралары талқыланды

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің сервистік орталығында 2021 жылғы 18 ақпанда Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Л.Ә. Жылқыбаеваның және «Sanaly urpaq» Республикалық жобалық офисінің жетекшісі Қ.А. Токушевтың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында мұғалімдерге қолдау көрсету бойынша қабылданып жатқан шаралар, педагогтерді жұмысқа қабылдау, білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау мәселелері талқыланып, білім беру мекемелерінде заң талаптары бұзылуының алдын алу жөніндегі жұмыс туралы ақпарат берілді.