Оқушыларға смартфонды пайдалануға тыйым салынған жоқ. Білім және ғылым министрлігі мұндай мәселені қарастырып жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Оқушыларға смартфонды пайдалануға тыйым салынған жоқ. Білім және ғылым министрлігі мұндай мәселені қарастырып жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Әлеуметтік желіде мектептерде телефондарға тыйым салынатыны туралы ақпарат таратылып жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды. Тыйым салу туралы сөз қозғалған жоқ. Шектеулерге қатысты мәселені әр мектеп қамқоршылық кеңесімен және ата-аналар комитетімен бірлесіп шешеді. Бұл бұған дейін де осылай болатын, ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ», – деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Яғни, телефондарды пайдалануға тыйым салу туралы сөз қозғалған жоқ. Жалған ақпарат таратпауды сұраймыз.