Алматының Медеу ауданында бір жылда 1160 орынға арналған жаңа мектептер пайдалануға берілді

Алматының Медеу ауданында бір жылда 1160 орынға арналған жаңа мектептер пайдалануға берілді

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен мегаолисте пандемияға қарамастан, мектептер мен балабақшалардағы орын тапшылығын азайту бойынша кешенді жұмыстар жалғасуда, ол бала туу көрсеткішінің жоғары болуына және белсенді миграциялық процестерге байланысты сақталып отыр. Алматыда 2025 жылға дейін білім беру нысандарын үдемелі салу бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2020 жылы 2 мектеп салынды, 2021 жылы 8 мектеп және 17 қосымша құрылыс салынады. Осылайша, қосымша 23 мың оқушы орны құрылады және 2021 жылы оқушы орындарының тапшылығы 73% - ға қысқартылатын болады.

Медеу ауданында барлығы 43 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Жалпы контингенті 31 353 болатын 28 мемлекеттік мектеп (29 360 орын) және 15 жекеменшік мектеп (1 993 орын) бар.

«2020 ж. қыркүйек айында Думан ш/а №172 мектеп-гимназиясында 850 орындық жаңа ғимарат салынып, пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, өткен жылы жеке инвесторлар есебінен келесі мектептер салынып, пайдалануға берілді: «Уәлиханов атындағы мектеп», «Steam», «Үркер», «Poznai-ka мектебі (AMS)», «Ғанибет». Олардың жалпы жобалық қуаттылығы 1160 орынға арналған және 143 тұрақты жұмыс орны құрылды», - деп атап өтті Ә.Масабаев.

2021 жылы Орманов көшесі (Шығыс айналма жолы) мекен-жайы бойынша жеке инвестициялар есебінен 540 орындық заманауи жеке мектеп ашу жоспарлануда. Алатау ш/а орналасқан №7 мектеп ғимаратына сейсмикалық күшейту арқылы күрделі жөндеу жүргізілуде. Аяқталу мерзімі 2021 жылғы шілде. Сонымен бірге, №48 мектеп ғимаратының тозуына байланысты қосымша құрылыс арқылы күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Жобаны іске асыру мерзімі – 2021 жыл.
Осыған ұқсас жұмыстар мектепке дейінгі білім беру саласында да жүргізіліп жатқанын атап өту керек.
Бүгінде Медеу ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі: 18 бөбекжай және 49 жеке меншік балабақша және 37 шағын орталықтардан тұрады. Тәрбиеленушілердің жалпы саны 5 100 бала (мемлекеттік балабақшаларда - 2935, жекеменшік балабақшаларда - 2165.)

№114, 116, 141 үш балабақшада ғимаратқа жапсарлас және қосымша құрылыс есебінен әрбір балабақшада жобалық қуаттылықты 50 орынға ұлғайта отырып, күрделі жөндеу бойынша жұмыс жалғасуда. Аяқталу мерзімі-2021 жылғы наурыз.

2020 жылдың басынан бері ауданда жеке инвесторлар есебінен жалпы жобалық қуаты 250 орындық 5 жекеменшік балабақша ашылды. Биыл 5 жекеменшік балабақша мен шағын орталықтар ашу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, өткен жылдың қазан айынан бастап Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Мұхтар Әуезов» стадионында футболдан тегін секция ұйымдастырылды. Аудан әкімдігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жоба аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 50 бала тұрақты негізде тегін негізде футболмен айналысу мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен бірге, ағымдағы жылы бірқатар әлеуметтік-мәдени нысандарды ашу жоспарлануда:
- Жекеменшік балабақшалар және шағын орталықтар; С.Нұрмағамбетов көшесі, 150 мекенжайы бойынша High Tech Academy жекеменшік мектебі
- Әл-Фараби даңғылы, 30/5 учаскесінде жекеменшік «Балет театрты»;
- Алатау ш/а «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік жобасы;
- Думан ш/а ашық ауадағы фитнес клуб.