
Екінші тоқсандағы мектептердегі оқу процесінің форматы әлі күнге дейін өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты болып отыр. Балалардың бір бөлігі қашықтықтан білім алса, өзге бөлігі күндізгі оқытуда. Бірінші тоқсандағыдай, мектепке дейінгі және 1-5 сынып оқушылары ата-аналардың қалауы бойынша 15 баладан аспайтын кезекші сыныптарға қатыса алады. Сыныптардағы балалар саны 15-тен аспайтын және 300-ге дейін оқушысы бар мектептер штаттық режимде жұмыс істеуде.
🔸️Жыл бойына жұмыс істейтін мамандандырылған мектеп-интернаттар мен білім беру-сауықтыру орталықтарында оқу процесі барлық сыртқы байланыстарды шектеу арқылы және қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, жабық режимде өтіп жатыр.
🔸️Айта кетсек, мектептер қашықтықтан оқытудан тұрақты режимге көшкен кезде мектеп оқушылары ата-аналардың өтініші бойынша үйден оқуды жалғастыра алады.
🔹️ Қашықтықтан оқыту
🔸️Қашықтықтан оқытуға синхронды және асинхронды режимдер кіреді. Біріншісі мұғалімнің қатысушымен нақты уақыт аралығында тікелей байланысқа шығуын білдіреді. Екіншісі - мұғалімнің оқушымен электронды тұғырнамалар және мессенджерлер арқылы өздігінен оқуға арналған материалдарды ұсына отырып өзара әрекеттесуі.
️Қосымша білім беру ресурсы ретінде 1-ден 11-ге дейінгі сынып оқушыларына республикалық «Ел-Арна» және «Балапан» арналарындағы телесабақтар арқылы білім алуға мүмкіндік беріледі.
🔹️ Кезекші сыныптар қалай жұмыс істейді
🔸️Штаттық оқу режимін ұйымдастыру қатаң санитарлық шаралар сақталған жағдайда ғана мүмкін болады. Олардың ішінде:
• ауысымды көбейту;
• физикалық байланысты азайту;
• кабинеттік жүйені алып тастау;
• әр сынып үшін сабақтар арасындағы үзілістерді әр түрлі уақытта ұйымдастыру;
• температураны күнделікті өлшеу;
• жеке гигиена құралдарын пайдалану.
🔸️ Кезекші сыныптардағы сабақ ұзақтығы 40 минут.
🔹️ Екінші тоқсанда оқушыларды бағалау қалай жүзеге асырылады
✔ 2-11 сыныптарда мұғалім 1 рет бөлімге жиынтық бағалау (БЖБ) және 1 рет тоқсанға жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізеді. Екінші тоқсанда БЖБ 3-11 желтоқсан аралығында 2-11 сыныптарда өтеді, ТЖБ 21 желтоқсанда басталады.
🔸️ 1-сыныпқа бағалау жүргізілмейді.
Еске салсақ, электронды журналда қорытынды баға шығару кезінде ұпай саны келесі қатынаста есептеледі: БЖБ және ҚБ (қалыптастырушы бағалау) - 50%, ТЖБ - 50%.