Телеграмдағы "Bala qorǵaý" чаты балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жедел әрекет етуге мүмкіндік береді

Телеграмдағы "Bala qorǵaý" чаты балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жедел әрекет етуге мүмкіндік береді

Кәмелетке толмағандарға қатысты балалардың құқығын бұзу, зорлық-зомбылық немесе қатыгез қарым-қатынас фактілерін жедел анықтау мақсатында 2019 жылдан бастап Telegram мессенджерінде "BALA QORǴAÝ" чаты жұмыс істейді.

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 11 айдың ішінде телеграмдағы "BALA QORǴAÝ" чаты арқылы келіп түскен 2 мыңнан астам өтінішті қарастырды.

Әрбір жағдай барлық мән-жай анықталып, мәселе толық шешілгенге дейін бақылауда болады. Енді қазақстандықтар қажет болып тұрған көмек туралы шұғыл хабарлап, балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мамандардың кеңесін алу мүмкіндігіне ие.

Чатқа қосылу үшін Telegram қосымшасының ішінде "bala_qorgau" сөзін теру немесе https://t.me/bala_qorgau сілтемесі бойынша өту болады.