Онлайн форматта "Абай әлемі" атты өлеңдерін оқу байқауы өтті

Онлайн форматта "Абай әлемі" атты  өлеңдерін оқу байқауы өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жер» жобасын жүзеге асыру және Қазақстан Респупликасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы қаулысын орындау мақсатында, Алматы қалалық «Ұстаз» жергілікті кәсіподағы Алматы қаласы білім басқармасының қолдауымен онлайн форматта «Абай әлемі» Абай оқуларын өткізді.
Байқаудың мақсаты:
- Мемлекеттік тілді насихаттау;
- Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ тіліне, әдебиетіне және мәдениетіне деген қызығушылықты арттыру;
- Рухани дамуды нығайту және қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.
Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-сарапшы, білімді, ізденімпаз, өнерлі ұстазымыз Г. Мықтыбекова қалалық байқаудың лауреаты атанды!