Республикалық әл-Фараби ғылыми жоба конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат

Республикалық әл-Фараби ғылыми жоба конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат

«Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығында ұлы ғалым-энциклопедист Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу аясында 2020 жылдың 11-ші қазан күні қашықтықтан республикалық конкурстың қалалық кезеңі өткізілді.

Конкурстың мақсаты: дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, балалар мен жасөспірімдердің ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыру.

Конкурсқа жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары, ТжКББ ұйымдарының 1,2 курс студенттері қатысты. 94 қатысушының өтініші қабылданды. Қалалық әл-Фараби конкурсы ережеге сәйкес 7 секция бойынша өткізілді. Әділқазылардың шешімі бойынша жүлделі орын алған жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімі «АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» сайтына жүктелді http://almaty.daryny.kz/meroprijatija/konkurs/173-respublikaly-l-farabi-ylymi-zhoba-konkursyny-alaly-kezen-orytyndysy.html?fbclid=IwAR2clIfeMdu6GBcg9AzW4gS26GfdHeUOUx7g7lh_wt4TQYwzf0qnAj86als