Алматыда өткен қалалық идеялар фестивалі жас басшылар мен тәлімгер-директорларды біріктірді

Алматыда өткен қалалық идеялар фестивалі жас басшылар мен тәлімгер-директорларды біріктірді

2026 жылғы 28 мамырда Алматы қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығы «№214 жалпы білім беретін мектеп» базасында Алматы қаласының білім беру ұйымдарының жас басшылары мен кадрлық резерв өкілдеріне арналған тәлімгерлік мектебінің «Директор көзімен жайлы мектеп жоспарлау, жүзеге асыру, мониторинг» тақырыбындағы қалалық идеялар фестивалін өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жас басшыларға әдістемелік және практикалық қолдау көрсету, кәсіби өзара іс-қимылды дамыту, сондай-ақ қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері бойынша тиімді басқару тәжірибелерімен алмасу.

Фестиваль аясында қатысушылар заманауи мектеп қызметін жоспарлау, жүзеге асыру және мониторинг жүргізудің өзекті мәселелерін талқылап, табысты басқарушылық кейстерін ұсынып, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, 2026 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында тәлімгерлік мектебінің жұмысына белсенді қатысып, жас басшыларға әдістемелік қолдау көрсеткен және тиімді басқарушылық тәжірибесімен бөліскен директор-тәлімгерлерді марапаттау рәсімі өтті.
Аталған іс-шара тәлімгерлік мектебінің 2026 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығындағы жұмысы мен Алматы қаласы білім беру ұйымдарының жас басшыларына жүйелі әдістемелік және практикалық қолдау көрсету нәтижелерін түйіндеген қорытынды жиын болды.

Іс-шара сындарлы кәсіби қарым-қатынас пен тәжірибе алмасу форматында өтіп, Алматы қаласы білім беру ұйымдарының жас басшыларына әдістемелік қолдау көрсетудің нәтижелі алаңына айналды. Олардың басқарушылық дағдыларын дамытуға және кәсіби өсуіне ықпал етті.