
2026 жылғы 23 мамырда Алматы қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №216 жалпы білім беретін мектеп базасында Алматы қаласының білім беру ұйымдары басшылары арасында II қалалық «Director’s CUP» дебат турнирі өтті.
Турнирдің мақсаты – мектеп басшыларының көшбасшылық қасиеттерін дамыту, басқару мәдениетін, шешендік шеберлігі мен сыни ойлау қабілетін жетілдіру, сондай-ақ қазіргі білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша кәсіби диалог алаңын қалыптастыру болды.
Турнирге Алматы қаласының барлық ауданынан 22 мектеп директоры қатысты. Дебат кезеңдерінде қатысушылар білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді талқылап, аргументация жасау дағдыларын көрсетіп, өздерінің басқарушылық тәжірибелерімен алмасты.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздарға кубоктар мен дипломдар табысталды:
I орын — №168 мектеп-гимназия директоры Айткаримов Бауыржан Берікқанұлы, №64 жалпы білім беретін мектеп директоры Айтбаев Сұлтан Бахытұлы.
II орын — №70 жалпы білім беретін мектеп директоры Удуримова Шара Сабыровна, №165 мамандандырылған лицей директоры Сембеков Ернұр Жанатұлы.
III орын — №39 мамандандырылған лицей директоры Маликова Найла Токтамуратовна, №24 лицей директоры Момунтаева Лаззат Бахытбековна.
III орын — №171 жалпы білім беретін мектеп директоры Немертов Нурдаулет Серикович, №205 жалпы білім беретін мектеп директоры Даулетова Гульнара Арыстановна.
Сонымен қатар «Үздік спикер» арнайы дипломы — №174 мектеп-гимназия директоры Оразбаева Алма Зейнеловна табысталды.
Бұдан бөлек, Алматы қалалық «Ұстаз» кәсіподағы тарапынан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйақылар берілді.
Іс-шара кәсіби ынтымақтастық, ашық диалог және интеллектуалдық бәсекелестік атмосферасында өтіп, Алматы қаласының білім беру ұйымдары басшылары арасында тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналды.