«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының бірінші кезеңі басталды

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының бірінші кезеңі басталды

ҚР БҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы өткізілетіні туралы хабарлайды. Конкурсқа ғылыми-педагогикалық салада үздіксіз 5 жылдық еңбек өтілі бар және қызметте жоғары жетістіктер көрсеткен профессорлық-оқытушылық құрамы қатыса алады.

Байқаудың мақсаты – жоо оқытушыларының кәсіби-педагогикалық мәдениетін арттыру, оқытушылардың одан әрі кәсіби дамуына деген мотивациясын арттыру.

Конкурс екі кезеңнен тұрады:
1. 2020 жылдың 12-30 қарашада жоғары оқу орындағы кезең;
2. 2020 жылдың 4-15 желтоқсанында республикалық кезең.

Конкурсқа құжаттар universitycontest.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы тапсырылады. Оларды жоо қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдерінен тұратын сараптамалық топ мүшелері тексереді. Комиссия сараптама тобының қорытындысы негізінде шешім шығарып, үміткерлердің құжаттамасын республикалық кезеңге қатысуға жібереді.