
2026 жылғы 22 сәуірде Алматы қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығы №123 мектеп-гимназия базасында «OpenSchool: табысты тәжірибелерге экскурсия» жобасы аясында білім беру ұйымдарының жас басшылары мен кадрлық резерв өкілдеріне арналған қалалық әдістемелік семинар-практикум өткізді.
Семинардың мақсаты — білім беру ұйымдарындағы табысты басқарушылық және педагогикалық тәжірибелерді таныстыру, оларды талдау арқылы қатысушылардың кәсіби дамуына ықпал ету, сондай-ақ тәжірибеде қолдануға болатын тиімді әдістер мен тәсілдерді көрсету.
Іс-шара барысында қатысушылар мектепті басқарудың нақты тәжірибелерімен танысып, кейс-тапсырмалар мен рөлдік ойындар арқылы өзекті басқарушылық мәселелерді талдады. Сонымен қатар мектепішілік бақылау, кадрларды іріктеу және басқарушылық шешімдер қабылдау сияқты маңызды тақырыптар бойынша тәжірибелік талқылаулар жүргізілді.
Семинар алаңы жас басшыларға тәжірибе алмасуға, кәсіби диалог орнатуға және тиімді басқарушылық шешімдерді талқылауға мүмкіндік берді.