Алматы колледждерінің басшылары Атырауда біліктілігін арттыруда

Алматы колледждерінің басшылары Атырауда біліктілігін арттыруда

20-30 сәуір аралығында Атырау қаласындағы AFEC колледжінің базасында «Білім менеджменті: Колледж басшысының құзыреттілік моделі - оқу орнын тиімді басқару жолы» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтуде.
Іс-шараны «Талап» ЖШС ұйымдастырды. Оқуға Алматы қаласы колледждерінің бес директоры қатысуда: Асхат Джанбосынов (Алматы мемлекеттік бизнес колледжі), Магишат Мендгазиева (№1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі), Бектұрған Ахметов (Алматы құрылыс-техникалық колледжі), Дархан Бағдәулетов (Алматы электромеханикалық колледжі), Ербол Мағазов (Алматы көлік және коммуникациялар колледжі).
Курс бағдарламасы бойынша директорлар білім менеджментіндегі заманауи тәсілдер мен өзекті ақпараттармен таныс болады. Курстан өту аясында жергілікті колледждерге экскурсиялар жоспарланған, бұл қатысушыларға табысты тәжірибелермен танысуға және өзге өңірлердегі әріптестерімен тәжірибе алмасуды нәтижелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Алматылық басшылар іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейін, сондай-ақ алған білімдерінің практикалық маңыздылығын атап өтті. Меңгерілген инновациялық әдістер мен басқару модельдерін олар оқу орындарының жұмысына енгізіп, одан әрі дамытуға және білім беру процесінің тиімділігін арттыруға жоспарлап отыр.