
Алматыда OpenSchool аясында заманауи мектептің басқарушылық және цифрлық тәжірибелері таныстырылды
2026 жылғы 15 сәуірде Алматы қаласы Білім басқармасы «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығымен» (ҚББЖТҒӘО) бірге жас мектеп басшылары мен кадрлық резерв мамандарына арналған ауқымды семинар-практикум өткізеді. Іс-шара «OpenSchool: табысты тәжірибелерге экскурсия» жобасы аясында №178 мамандандырылған лицей базасында өтеді.
Іс-шараның мақсаты:
Білім беру саласындағы инновациялық басқару модельдері мен озық цифрлық шешімдерді таныстыру, сондай-ақ қаланың кадрлық резервінің басқарушылық құзыретілігін дамыту.
Семинар жұмысының ашылуында Алматы қаласы Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы директорының міндетін атқарушы Ардақ Рахымғалиқызы Смағұлова қатысушыларға құттықтау сөз арнап, қаладағы білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды дамыту, тиімді тәжірибе алмасу және білім беру ұйымдары басшыларының басқарушылық құзыреттерін жетілдіру бағытындағы жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Семинар бағдарламасы аясында №178 мамандандырылған лицейінің директоры Қайратбек Хамзаханұлы Шадиев лицейдің даму және жаңғырту тәжірибесімен таныстырып, білім беру саясатының негізгі бағыттары мен заманауи білім беру ортасын қалыптастыру туралы баяндады.
Қатысушылар лицейдегі инновациялық алаңдар бойынша ұйымдастырылған білім беру экскурсиясына ерекше қызығушылық танытты. Экскурсия барысында SPACE LAB STEM кеңістігінің мүмкіндіктері, оқушылардың ғылыми жобалары, зертханалық сабақтар және жаратылыстану-математикалық бағытты жүзеге асыруға арналған заманауи жабдықтар көрсетілді.
Семинардың екінші бөлімінде лицей педагогтары білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізу тәжірибелерімен бөлісті. Бұл бағытта Protector AI, AI Teacher, AI Class және BESTIK AI жобалары ұсынылып, олардың білім сапасын арттыру мен цифрлық білім беру ортасын дамытудағы рөлі талқыланды.
Іс-шара лицей оқушыларының «Менің лицейім — менің мақтанышым» атты концерттік бағдарламасымен аяқталып, қатысушылар рефлексия жасады.
Өткізілген семинар Алматы қаласының білім беру ұйымдары басшыларының басқарушылық құзыреттерін дамытуға, кәсіби диалог орнатуға және тәжірибе алмасуға арналған тиімді алаң болды.