
Бүгін Алматы қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығы №34 гимназия базасында жас мектеп директорлары мен кадрлық резерв өкілдеріне қазіргі заманғы мектепті тиімді басқарудың маңызды құралы ретінде жан басына шаққандағы қаржыландыру және мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша семинар-практикум өткізді.
Іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымдары басшыларының басқарушылық және қаржылық құзыреттерін арттыру, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді пайдалану және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылау.
Семинар барысында қатысушылар жан басына шаққандағы қаржыландырудың негізгі қағидаттарын, нормативтік-құқықтық базаны қолдану ерекшеліктерін, сондай-ақ білім беру ұйымдарында қаржылық ресурстарды жоспарлау мен бөлудің практикалық тетіктерін жан-жақты қарастырды. Мемлекеттік сатып алудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне, сондай-ақ табысты басқарушылық тәжірибелермен алмасуға ерекше назар аударылды.
Семинар білім беру ұйымдарындағы қаржылық басқару саласында кәсіби диалог жүргізуге, тәжірибе алмасуға және тиімді шешімдер іздеуге арналған алаңға айналды.