Алматы қаласында инновациялық білім беру жобалары бойынша семинар өтті

Алматы қаласында инновациялық білім беру жобалары бойынша семинар өтті

2026 жылғы 3 сәуірде №208 мектеп-гимназиясында «Инновациялық білім беру жобалары: халықаралық тағылымдама негізінде енгізу тәжірибесі» атты қалалық әдістемелік семинар өтті. Семинарда Еуропа, Азия және АҚШ-тың озық әдістерін Алматы қаласындағы мектептерде қалай қолданылып жатқаны сөз болды.
Іс-шараға қаладағы білім беру ұйымдарының басшылары мен мамандары қатысты. Оларды біріктірген басты сұрақ – шетелге барып келген тағылымдамашылар тек сертификатпен шектелмей, нақты нәтиже беруі үшін не істеу керек деген мәселе болды.
Семинар спикерлері өздерінің табысты тәжірибелерімен шынайы бөлісті. Қатысушылар әріптестерінің шетелдік тағылымдамаларынан кейін Алматы мектептерінде жүзеге асырылған нақты жобаларды көрді. Сабақтарды ойын элементтерімен өткізу тәжірибеде тиімділігін дәлелдеген әдістер болды. Педагогтер әртүрлі деңгейдегі оқушыларға шетелдік тәжірибедегі қызықты тапсырмалардың қалай әсер ететінін көрсетті.
Шеберлік сабақтарында мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерді іс жүзінде қолданды. Тыңдаушылар түрлі сұрақтар қойып, толыққанды жауаптар алды. Сондай-ақ бейресми әңгімелер барысында «технология маңызды ма, әлде шынайы қарым-қатынас па?», инновациялық технологияларды енгізу барысында білім алушыларды жалықтырып алмау жолдары талқыланды.
Семинарды ұйымдастырушы Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы тәжірибеге басымдық берді және бұл тәсіл өзін толық ақтады. Семинар тек тағылымдамалар туралы есеп емес, нағыз кәсіби құзыреттерді дамыту алаңына айналды. Мұғалімдер өздерімен бірге дайын әдістемелік шешімдерді алып қайтты.
Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы семинарда ұсынылған үздік тәжірибелерді кеңінен таратуды жоспарлап отыр. Негізгі мақсат – инновацияларды қала мектептеріне тиімді тарату. Педагогтердің ынтасына қарағанда, халықаралық тәжірибенің оңтүстік астанада болашағы зор екені анық көрінді.