Алматы қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті!

Алматы қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті!

27 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы қаласы еліміздің ең дарынды оқушыларын біріктірген білім орталығына айналды. Осы күндері география және химия пәндері бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі ұйымдастырылды.

Биылғы олимпиадаға 309 оқушы қатысты: география пәні бойынша – 157, ал химия пәні бойынша – 152 оқушы өз білімдерін сынады. Қатысушылар жоғары дайындықтарын, пәнге деген қызығушылықтарын және жаңа білімге ұмтылыстарын көрсетті.

Алматы қаласының атынан 18 дарынды оқушы қатысып, лайықты өнер көрсетті.

Салтанатты марапаттау рәсімі Оқушылар сарайында өтті. Осы шара барысында жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша ресми қорытындылар жарияланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

Өздерінің жоғары дайындық деңгейін көрсеткен қатысушылардың нәтижелі жұмысы үшін Алматы қаласы 1-орынға ие болып «Үздік олимпиадалық команда» номинациясымен марапатталды.

География пәні бойынша:

І орын
* Ниязбек Нұрахмет — Мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты, 10-сынып.

ІІ орын
* Ерік Ерлан — Мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты, 9-сынып.

ІІІ орын
* Решотка Константин — №34 лицей, 10-сынып;
* Бейсембин Джамиль — Қ.Сәтбаев атындағы №56 гимназия, 11-сынып.

Химия пәні бойынша:

І орын
* Марат Ерасыл — Мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты, 9-сынып;
* Полетаев Данил — №134 лицей, 11-сынып.

ІІ орын
* Жапарбек Санжар — Мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты, 9-сынып;
* Келдибаев Ислам — Мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты, 10-сынып;
* Махмутов Мансур — «Мирас» халықаралық мектебі, 12-сынып.

ІІІ орын
* Некрасова Милена — №134 лицей, 10-сынып;
* Бақыт Жансұлтан — Мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты, 10-сынып;
* Тагиров Мухамед — Мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты, 11-сынып;
* Бралинова Адия — №165 мамандандырылған лицей, 11-сынып.

Ерекше жетістіктері үшін марапатталған:
•Абылкасым Ислам - №42 жалпы білім беретін мектеп, 9-сынып.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Алматы қаласының білім басқармасы және «Алматы дарыны» орталығы ұйымдастырды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Сіздердің жетістіктеріңіз жаңа білімге, ғылыми ізденіске және үлкен жеңістерге жол ашсын!