Алматы қаласында жас мектеп директорларына арналған білім беру экскурсы өтті

Алматы қаласында жас мектеп директорларына арналған білім беру экскурсы өтті

Бүгін «Open School: табысты тәжірибелерге экскурсия» қалалық жобасын іске асыру аясында Алматы қаласы Білім басқармасы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №134 лицей базасында жас мектеп директорларына арналған «Көшбасшылық формуласы: идеядан стартапқа дейін» атты білім беру экскурсы форматында семинар-практикум өткізілді.
Лицейдің оқушылары мен педагогтері ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстарды, оқытудағы STEM тәсілдерін, инженерлік және IT шешімдерді ұсынды. Бағыттық блоктар білім беруді дамытудың заманауи бағыттарын қамтыды: Science&Health, Engineering&IT.
Алматы қаласының білім беру жүйесінің өкілдері: №90 мамандандырылған мектеп-лицей – Оспанбек Б.Р., І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия – Қасқырбаева А.Х., №178 мамандандырылған лицей – Шадиев К.Х. Мәскеу қаласының білім беру ұйымдарында өткен «Мәскеудегі кәсіпалды білім беру» атты халықаралық семинар аясында жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында кәсіпалды сыныптардың (инженерлік, медициналық, IT және педагогикалық) модельдері, мектептердің жоғары оқу орындарымен және жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл тетіктері, сондай-ақ оқушылардың ерте кәсіби бағдарлану мәселелері жан-жақты қарастырылды.
«Көшбасшылық формуласы: идеядан стартапқа дейін» білім беру экскурсы қатысушыларға идеялар мен технологиялардың табысты білім беру жобаларына айналу үдерісін көруге мүмкіндік берді.