
Бүгін Алматы қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығы №175 «Жаңа Ғасыр» гимназиясының базасында Алматы қаласындағы білім беру ұйымдарының жас басшылары мен кадрлық резерв өкілдеріне арналған тәлімгерлік мектебінің «Басқарушылық тәжірибеде жасанды интеллект пен цифрлық сервистерді қолдану» тақырыбында әдістемелік семинар-практикумын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – білім беру мекемелерінің қызметіне жасанды интеллект пен цифрлық сервистерді енгізудің табысты тәжірибелерін көрсету, басқарушылық тәжірибе алмасу, сондай-ақ басқару үдерістерін оңтайландыруға ықпал ететін заманауи құралдарды талқылау болды.
Семинар бағдарламасы аясында инновациялық шешімдер таныстырылып, шеберлік сыныптары өткізілді және қатысушылар арасында кәсіби пікір алмасу ұйымдастырылды. Тәжірибелі білім беру ұйымдарының басшылары цифрлық құралдарды қолдану тәжірибесімен бөлісіп, жасанды интеллект технологияларын басқарушылық қызметте пайдалану мүмкіндіктерін көрсетті.
Іс-шара барысында қатысушылар білім беруді цифрлық трансформациялау мәселелерін талқылап, заманауи технологияларды басқаруда тиімді қолдану бойынша пікір алмасып, практикалық ұсыныстар білдірді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынылған тәжірибенің жоғары практикалық маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта кәсіби ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты.
Семинар өткізу басшылардың цифрлық құзыреттілігін арттыруға, кәсіби өзара әрекеттестікті кеңейтуге және Алматы қаласының білім беру жүйесінде тиімді басқарушылық тәжірибелерді таратуға ықпал етті.