Алматыда педагог-психологтарға арналған семинар-тренинг өтті Алматы қаласында жасөспірімдер мен жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Алматыда педагог-психологтарға арналған семинар-тренинг өтті  Алматы қаласында жасөспірімдер мен жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Алматыда педагог-психологтарға арналған семинар-тренинг өтті

 

Алматы қаласында жасөспірімдер мен жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған семинар-тренинг ұйымдастырылды.

 

Тренингтің басты мақсаты – білім беру жүйесі мамандарында суицидтік тәуекелдің алдын алу саласында іргелі кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру. Іс-шара барысында қатысушылар жастар арасындағы дағдарыстық жағдайларды уақтылы анықтау және жолын кесу үшін қажетті білімдерін тереңдетіп, практикалық дағдыларға ие болды.

 

Семинар бағдарламасы аясында мынадай негізгі міндеттер шешілді:

  • стресс және дағдарыстық жағдайларды тану дағдыларын дамыту;
  • суицидтік тәуекелдің ерте белгілерін анықтау;
  • күрделі жағдайларда педагогтар мен психологтардың дұрыс әрекет ету алгоритмдерін пысықтау;
  • алғашқы психологиялық қолдау көрсету және оқушыларды бейінді мамандарға тиімді бағыттау мәселелерін зерделеу.

 

Тренинг қатысушыларға суицидтік мінез-құлықтың ескерту белгілерін тануға, дағдарыстық жағдайларда әрекет ету алгоритмдерін меңгеруге мүмкіндік берді. Бұл олардың жедел көмек көрсетуге дайындығын айтарлықтай арттырды.

 

Тренингтің мақсатты аудиториясын арнайы орта білім беру ұйымдарының 22 педагог-психологы құрады. Семинардың жүргізушілері ретінде психология саласының танымал сарапшылары:

  • З.Б. Мадалиева – психология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры;
  • С.К. Құдайбергенова – психология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ассистент-профессоры болды.

 

Тренингтің материалдары ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелері негізінде әзірленіп, «Суицидке дейінгі көзқарастар кешенді индикатор және мониторинг объектісі ретінде: Қазақстан Республикасындағы жастар мен жасөспірімдердің популяциялық зерттеуі» жобасы, сондай-ақ жастар арасында психоактивті заттарды тұтынудың алдын алу жөніндегі жоба аясында сынақтан өткізілді.

 

Іс-шара «Денсаулық жолындағы серіктестер» үкіметтік емес ұйымының қолдауымен өткізілді. Мұндай кездесулер мамандардың кәсіби құзыреттілігін жүйелі түрде нығайтуға және Қазақстанда профилактика жүйесін дамытуға ықпал етеді.