
Алматы ұстаздары мемлекеттік марапаттарға ие болды!
Бүгін Алматы қаласында білім беру саласының үздік өкілдерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі қажырлы еңбегі мен ағарту ісіне қосқан айрықша үлесі үшін бірқатар әріптесіміз жоғары мемлекеттік наградалармен және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық марапаттарымен марапатталды.
Марапат иелерінің қатарында білім беру ұйымдарының басшылары, түрлі пән мұғалімдері мен педагогика саласының ардагерлері бар.
«Бүгінгі марапаттар — бұл әр ұстаздың жеке шеберлігінің ғана емес, бүкіл Алматы білім беру жүйесінің жоғары мәртебесінің көрінісі. Біздің мұғалімдер күнделікті сабақ берумен қатар, халықаралық аренада да қаламыздың абыройын асқақтатып жүр.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!