Алғаш рет мектеп басшыларын іріктеу процесін кез келген азамат онлайн түрде бақылай алады.
Үміткерлерді мемлекеттік органдар, қоғам өкілдері және тәуелсіз сарапшылардан құралған комиссия бағалайды.
Мұндай формат конкурстық рәсімдердің барынша ашық өтуін қамтамасыз етіп, қоғам өкілдеріне мектеп басшыларын іріктеу процесін бақылауға мүмкіндік береді.
Конкурстық әңгімелесулерді ашық форматта өткізу — білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау үдерісіндегі ашықтық, есептілік және қоғам сенімін нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Тікелей эфирді Алматы қаласы Білім басқармасының edu.almaty Instagram ресми парақшасынан көре аласыздар.
Басталу уақыты: 12 наурыз сағат 15:00.