Алматыда «Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Алматыда «Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Алматы қаласы Алатау ауданындағы «№76 бөбекжай-балабақша» КМҚК базасында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасын іске асыру барысында «Жасыл болашақ» жобасына аясында көшет отырғызу рәсімі түрде өтті.

Жоба өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған.

Ағаш отырғызу рәсіміне балабақша тәрбиеленушілері, олардың ата-аналары мен педагогтары қатысты. Іс-шара барысында балалар қылқанжапырақты ағаш көшеттерін отырғызды – әрбір ағаш жас алматылықтың есімімен аталды. Енді тәрбиеленушілер өз ағаштарының өсіп-өркендеуін бақылап, оларға қамқорлық жасап, қаланың таза әрі жасыл болашағына үлес қоса алады.

Мерекенің ерекше сәттерінің бірі «Жас эколог антын» қабылдау рәсімі болды. Ант барысында балалар табиғатты қорғауға және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға уәде берді. Сондай-ақ балабақша аумағында 2040 жылғы қала тұрғындарына арналған суреттер мен хаттар салынған «Уақыт капсуласы» қойылды.

Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталықтың әдіскері Ақбота Мұстафаева мұндай бастамалардың балаларға ерте жастан экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға және табиғатқа жанашырлық құндылықтарын сіңіруге ықпал ететінін атап өтті.

«Жасыл болашақ» жобасы Алматыда «Таза Қазақстан» бастамасының іс жүзіндегі тағы бір нақты көрінісіне айналды. Жоба қаланың тазалығы мен көгалдандырылуына қамқорлық балаларды тәрбиелеуден және педагогтар, ата-аналар мен қоғам күшін біріктіруден басталатынын көрсетеді.

Алдағы уақытта балабақша ұжымы «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жасыл кеңістіктерді дамыту және балаларды экологиялық жобаларға тарту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды жоспарлап отыр.