
23 ақпанда Алматы қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығы «OpenSchool: табысты тәжірибелерге экскурсия» жобасы аясында семинар өткізді.
Директорлық қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан аспайтын мектеп директорлары мен білім беру ұйымдарының басшылар кадрлық резервіне енгізілген педагогтер Алмалы ауданындағы «№79 гимназия» КММ-де бас қосты.
Қатысушыларға басқарушылық және білім беру тәжірибелерімен танысуға, мектеп менеджментінің өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берілді. Семинар кәсіби ашық диалог форматында өтті.