АЛМАТЫ ЖАҢА IT-КӨШБАСШЫЛАР БУЫНЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА: BILIMHACK–2026

АЛМАТЫ ЖАҢА IT-КӨШБАСШЫЛАР БУЫНЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА: BILIMHACK–2026

25–26 ақпан күндері Алматы идеялар, алгоритмдер және технологиялық серпілістер алаңына айналады. BilimHack Almaty–2026 қалалық хакатоны екі күн бойы колледждердің 200-ден астам студентін біріктіріп, оларды білім алушылардан стартап жобаларын әзірлеушілерге айналдырады.

      Бұл жай  байқау емес. Бұл – қаланың нақты IT-экожүйесіне бастайтын мүмкіндік алаңы.

       Жасанды интеллект жүйелерінің, автоматтандырудың және цифрлық трансформацияның қарқынды дамуы дәуірінде жаңа технологиялық кеңістікті қалыптастыратын – жастар. Хакатон қатысушылары болашақ білім беру саласына арналған шешімдерді әзірлейді: зияткерлік кәсіптік бағдар беру жүйелері, инклюзивті цифрлық сервистер, оқытуды жекелендіруге және білім беру үдерістерін басқаруға арналған жасанды интеллектке негізделген құралдар.

        Үздік жобаларға 1 миллион теңге көлемінде жүлде қоры мен қолдау көрсетіледі. Алайда ең бастысы – командалар өз идеяларын шынайы іске асыру мүмкіндігіне ие болады.

Жобаларды IT-нарықтың және инвестициялық саланың өкілдері бағалайды — яғни технологиялармен күнделікті жұмыс істеп, өнімдерді нарыққа шығарып жүрген сарапшылар. Сарапшылар құрамында:

         Ерлан Мейрамбаев — Алматы энергетика және байланыс университеті нің топ-менеджері 
         Малика Шуматова — HotKey компаниясының бас атқарушы директоры (CEO)
       Максим Дзюба — Careerhub.kz техникалық директоры
       Руслан Қайназаров — Careerhub.kz компаниясының backend-әзірлеушісі
        Нұрбек Бекаулов — Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті жанындағы Инновациялық орталық директоры

       Олардың міндеті – тек жеңімпаздарды анықтау емес, ертең-ақ ауқымдауға болатын шешімдерді іріктеу.

         Қалалық IT-экожүйенің мүмкіндіктері мен технологиялық бастамаларды қолдау шаралары туралы Almaty Hub білім беру және бизнес-бағдарламалар менеджері Назкерім Зияда баяндама жасайды.

           Бүгінде Алматы цифрлық болашаққа нық қадам басуда. BilimHack Almaty – 2026 жобасы шынайы трансформация жастардың идеяларды нақты технологиялық шешімдерге айналдыруынан басталатынын айқын көрсетеді.

        Хакатон 25–26 ақпан күндері Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті алаңында (Манас көшесі, 34/1) өтеді.

 

       Болашақ – бүгіннен басталады.