
2026 жылғы 6 ақпанда ҚББЖТҒӘО базасында «Қалалық «Үздік педагог» конкурсын қашықтық форматта өткізудің әдістемелік және ұйымдастырушылық аспектілері» атты ғылыми-әдістемелік жұмыс және бейіндік оқыту жөніндегі директордың орынбасарлары, техникалық және кәсіби оқыту өкілдері, сондай-ақ балабақша білім беру мен тәрбиелеу саласының өкілдері үшін онлайн-семинар өтті.
Бұл шараның мақсаты – «Үздік педагог» қалалық конкурсын онлайн форматта ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы ақпарат беру, қатысушыларға қойылатын талаптарды, бағалау критерийлерін және әдістемелік қолдау механизмдерін түсіндіру.
Онлайн-семинар аясында педагог портфолиосын қалыптастыру, эссе жазу, ашық сабақ өткізу мәселелері қаралды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Үздік ұстаз» ақпараттық жүйесінің (платформасының) барлық функционалдық және техникалық ерекшеліктері толық түсіндірілді.
Түсіндірме жұмысын жүргізу үшін спикер ретінде «Үздік педагог» конкурсының республикалық кезеңінің жеңімпаздары КММ «№74 жалпы білім беретін мектептің» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Үздік педагог-2025» республикалық конкурсының жеңімпазы Зәкариянова Сандуғаш Зарыққанқызы, Алматы қаласы ҚББЖТҒӘО техникалық және кәсіби оқыту бөлімі әдіскері, «Үздік педагог-2022» республикалық конкурсының жеңімпазы Жұмакова Гүлзат Саматовна шақырылды.