Пияз отырғызудан бастап сумен тәжірибе жасауға дейін: Алматыда экомәдениетті бала кезден қалай тәрбиелейді

Пияз отырғызудан бастап сумен тәжірибе жасауға дейін: Алматыда экомәдениетті бала кезден қалай тәрбиелейді

Экология, шығармашылық, цифр: Алматыда мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ерекше жоба іске қосылды

Алматыда мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Менің жасыл балабақшам» экологиялық челленджі басталды. Бұл бастама балалардың бойында экологиялық мәдениет пен цифрлық шығармашылық дағдыларды дамытуға бағытталған.

Алматыда мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және цифрлық шығармашылық дағдыларды дамытуға бағытталған «Менің жасыл балабақшам» жалпықалалық экологиялық челленджі басталды.

Аталған бастамаға Алматы қаласының 30 мектепке дейінгі ұйымының ересек және мектепалды топтарының балалары, олардың ата-аналары мен педагогтері қатысуда.

Жас экологтардың жұмыстарын Алматы қаласы Алатау ауданының №84 бөбекжай-балабақшасынан көруге болады.

Челлендждің негізгі мақсаты – балаларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, олардың табиғаттағы қарапайым өзара байланыстарды түсінуі, жақын ортадағы табиғи нысандармен өзара әрекеттесудің алғашқы практикалық дағдыларын қалыптастыру.

Челлендж барысында балалар пияз, тұқым отырғызады, бөлме өсімдіктерінің жапырақтарын сүртеді, қағаздан пульпа алу және қамыстан целлюлоза немесе талшық алу технологиясын зерттейді, тұрмыстық қалдықтарға (пластик, бөтелке қақпақтары, картон және т.б.) екінші өмір сыйлауды үйренеді, сумен тәжірибелер жүргізеді, сондай-ақ су және энергия үнемдеу технологияларын зерделейді.

Бұл челленджді өткізу балалардың экологиялық санасын арттыруға ықпал етеді. Балалар экологиялық, шығармашылық дағдыларды игереді, яғни табиғатқа ұқыпты қарау қалыптасады, қиял мен креативті ойлау дамиды.