
Балалар құқықтарын қорғау орталығында БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өкілдерінің қатысуымен жұмыс барысындағы кездесу өтті. Шара балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылауға және алдағы уақытта ынтымақтастықты дамытуға арналды.
Іс-шара барысында ЮНИСЕФ өкілі Азамат Жаманчинов Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және іске асыру мәселелері жөнінде баяндама жасап, балалар саясатының өзекті бағыттарына тоқталды. Халықаралық сарапшы Тамах Мерфет пен ЮНИСЕФ консультанты Айгерим Мусабалинова балалардың құқықтарын қорғау саласындағы кәсіби тәжірибелерімен және практикалық жұмыс үлгілерімен бөлісті.
Сонымен қатар Балалар құқықтарын қорғау орталығының директоры Зафар Бахтиярұлы орталықтың қызметі, негізгі жұмыс бағыттары және балалардың құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.
Кездесу қорытындысы бойынша Балалар құқықтарын қорғау орталығы ЮНИСЕФ ұйымына мазмұнды диалог, сараптамалық қолдау және балалардың құқықтарын қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықты жалғастырып, балалардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін бірлесіп дамытуға сенім білдірді.