Алматыда Халықаралық Жәутіков олимпиадасының IZhO 2026 жеңімпаздары анықталады

Алматыда Халықаралық Жәутіков олимпиадасының IZhO 2026 жеңімпаздары анықталады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

«ДАРЫН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Баспасөз релиз

Алматыда Халықаралық Жәутіков олимпиадасының IZhO 2026 жеңімпаздары анықталады

Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Білім додасына әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122 жетекші қатысты.

Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі 15 қаңтар күні сағат 11:00-де Алматы қаласындағы Almaty Theatre ғимаратында (әл-Фараби даңғылы, 30) өтеді. Іс-шараға ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, қала әкімдігі мен шет мемлекеттердің елшілік өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы бес күнге созылып, екі тур бойынша ұйымдастырылды. Тапсырмалар күрделілік деңгейі жағынан мамандандырылған сыныптардың оқу бағдарламасына сәйкес әзірленіп, халықаралық қазылар алқасымен құрастырылды. Қазылар алқасының төрағасы – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев.

Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылардың 50 пайызы                         ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, «Ең үздік команда» номинациясының иегерлері анықталады.

Жабылу салтанаты YouTube желісіндегі ресми парақшада тікелей эфирде көрсетіледі: https://youtube.com/live/VbrDyrwxVu0?feature=share

Қатысушы елдер: Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Түрікменстан, Индонезия, Үндістан және Өзбекстан.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ және «Алматы дарыны» қалалық орталығы.

Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті:

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Мәңгілік Ел 8/2, «Алтын Орда» БО, «Дарын» РҒПО, тел. +7-7172 57 65 74, WhatsApp: +7 705 427 6828