Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті 2025 жылғы 29 желтоқсанда сағат 15.00-де аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен ересектердің немесе өзге адамдардың тарапынан кәмелеттік жасқа толмаған балаларға физикалық, психологиялық, жыныстық зиян келтіретін және олардың өміріне, денсаулығына және қалыпты дамуына қауіп төндіру мәселелері бойынша бірлескен кеңес өткізді.

Кеңесте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыреті шегінде орта білім беру ұйымдарының жауапкершілік шаралары қаралды:

- білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету;

- балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы фактілерге, белгілерге немесе ақпаратқа дереу ден қою;

- құқық қорғау органдарын, қорғану және қамқоршылық ұйымдарын зорлық-зомбылық анықталған не күдіктенген кезде хабардар ету;

- білім алушылармен және ата-аналармен (заңды өкілдермен)профилактикалық жұмыс жүргізу;

- балаларға психологиялық қолдау көрсету;

- анықталған фактілерді есепке алу және құжаттау.

Кеңес қорытындысы бойынша аудандық білім бөлімдерінің басшыларына қылмыстардың жолын кесу және оларды анықтау үшін профилактикалық іс-шараларды жүргізу және бақылауды күшейту туралы тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мақсатында сондай-ақ "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңның талаптарын орындау үшін Бірінші басшылардың, оқушылардың, ата-аналардың (өзге де заңды өкілдердің) және мектеп қызметкерлерінің жеке деректерін жинау, өңдеу, сақтау және беру қағидаларын қатаң сақтау қажеттігі туралы түсініктемелер берілді.