Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Алматы қаласының мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында оқитын білім алушылардың жеке деректерінің таралуы жөнінде жалған ақпараттың жариялануына байланысты, аталған мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз.
Білім беру процесін есепке алудың жаңа цифрлық жүйесіне көшу аясында білім алушылардың, олардың заңды өкілдерінің және педагог қызметкерлердің жеке деректерін үшінші тұлғаларға беру фактілері орын алған жоқ.
Жеке деректерді өңдеу білім беру ұйымдары тарапынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына қатаң сәйкес және тек білім беру процесін қамтамасыз ету мен ұйымдастыру мақсатында жүзеге асырылды.
Азаматтарды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және расталмаған ақпаратты таратудан аулақ болуға шақырамыз.