Алматының кәсіптік білімі – экономиканың қозғаушы күші

Алматының кәсіптік білімі – экономиканың қозғаушы күші

Алматының кәсіптік білімі – экономиканың қозғаушы күші

Алматыда экономиканың негізгі салалары үшін кадрлық әлеует қалыптастыратын 88 колледж жұмыс істейді. Олардың 22-сі мемлекеттік, 66-сы жеке меншік, бұл кәсіптік білім саласына бизнестің жоғары қызығушылығын көрсетеді. Педагогикалық құрамның жалпы саны 5 626 адамды, ал студенттер контингенті – 86 818 адамды құрайды. Олардың жартысынан көбі (50 428) мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен оқиды, оның көлемі 2025-2026 оқу жылы үшін 17 491 орын деңгейінде жоспарлануда.

Еңбек нарығымен интеграция және практикалық дайындық

Негізгі тренд – оқу үрдісінің жұмыс берушілердің талаптарымен тығыз интеграциясы. Дайындық 131 мамандық бойынша және 220 біліктілік бойынша жүргізіледі. Бұл бағыттар құрылыс, көлік, энергетика, қызмет көрсету саласы, білім беру, денсаулық сақтау, экономика, байланыс және IT сияқты еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып қалыптастырылған. 2025 жылғы түлектердің 94,3%-ы (24 434 адам) сәтті жұмысқа орналасты немесе білімін жалғастырғанын атап өткен жөн. Елеулі бөлігі – 17 039 адам – диплом алып болғаннан кейін бірден еңбек нарығына шықты.

Болашақ мамандарды еңбек нарығының талаптарына бейімдеу және өндірістің нақты жағдайларында тәжірибелік дағдылар қалыптастыру мақсатында 52 колледжде дуалды оқыту түрі бойынша 22 067 студент оқиды. 770 кәсіпорынмен ынтымақтастық туралы келісімдер жасалған, ал өндірістік тәжірибе 71 мамандық бойынша ұйымдастырылып, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттердің 43,7%-ын қамтиды.

Халықаралық стандарттар және тану

Алматы колледждері бағалау және сертификаттаудың халықаралық стандарттарын белсенді түрде енгізуде. 2025 жылы 3 521 түлек демонстрациялық емтихандар нәтижесінде Skills Passport алды. Нарық көшбасшыларымен (Cisco, KNAUF, GROHE, Hikvision және т.б.) бірлесіп түлектердің халықаралық кәсіптік сертификаттауы жүргізіледі.

Жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруда бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауға және кәсіби стандарттарды дамытуға бағытталған WorldSkills халықаралық қозғалысы маңызды рөл атқарады. «Құрылыс», «АКТ», «инженерлік технологиялар», «өнер және дизайн», «әлеуметтік қызметтер», «көлік және логистика», «білім беру» бағыттары бойынша 53 құзыреттілікті қамтыған "WorldSkills Almaty – 2025" аймақтық чемпионатына 350 жас маман қатысты, ал сарапшы ретінде өндірістің 400-ден астам білікті өкілдері тартылды.

WorldSkills чемпионаттары жастарға халықаралық кәсіптік тану жолын ашатынын атап өтейік. 2025 жылы Алматы құрылыс-техникалық колледжінің, Алматы автомобиль жасау және сән индустриясы колледжінің, сондай-ақ "Әділет" колледжінің студенттері Данияда өткен EuroSkills чемпионатында Қазақстанды танытты.

Барлық мемлекеттік және жеке колледждердің басым бөлігі WorldSkills қозғалысына белсенді араласып, аймақтық, республикалық және халықаралық конкурстарға қатысады. Студенттердің жоғары деңгейдегі дайындығы, сондай-ақ кәсіби тәлімгерлік 2025 жылы X Республикалық WorldSkills Kazakhstan кәсіптік шеберлік чемпионатында Алматы колледждерінің құрамасына жалпы командалық бірінші орынды жеңіп алуға мүмкіндік берді.

Инвеcтициялар және халықаралық ынтымақтастық

Маттехникалық базаны дамыту мемлекет есебінен де, сонымен қатар бизнес және халықаралық ұйымдармен серіктестік нәтижесінде де жүзеге асырылуда. Алматы құрылыс-техникалық колледжінде GROHE ресурстық орталығы ашылды (инвестиция – 60 млн теңге). «Каз Энерго Пауэр» және «Smart Light» компанияларының қолдауымен Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжінде заманауи зертханалар құрылды (жалға салым көлемі 118 млн теңгені құрады).

Академиялық мобильділік аясында 6 колледжден 110 студент Қытайда кәсіптік стажировкадан өтті, Чунцин және Чжэцзян провинцияларының білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды. 2025 жылғы қаңтарда Алматы электромеханикалық колледжінің 16 студенті Германияның халықаралық өндірістік және консалтингтік компанияларында 45 күнтізбелік тәжірибеден өтті. Әрбір студент 1 млн-нан 1,2 млн теңгеге дейін сыйақы алды, сонымен бірге 8 түлек 2025 жылғы қыркүйектен бастап Германияда тұрақты жұмысқа шақыру алды.

Халықаралық ынтымақтастық Алматы кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың маңызды бағыты болып табылады. 2025 жылы 132 оқытушы АҚШ, Қытай және Сингапурда стажировкадан өтті. Алматы колледждерінің оқытушылары Қазақстан Республикасының Білім беру министрлігі ұйымдастырған 8 салалық кәсіптік конкурстың 7-сінде жеңімпаздық орындарды иеленді.

Кәсіптерді насихаттау

Жұмысшы кәсіптері жылы аясында Алматыда Әкімшілік іс-шаралар жоспары әзірленіп іске асырылды, оған сәйкес оқытушылар, студенттер, жұмыс берушілер және мектеп оқушылары үшін 7 халықаралық, 7 республикалық және 70-тен астам қалалық іс-шараларды қосқанда 80-ден астам іс-шара өткізілді. Медиажоспар аясында жалпы қамтылуы 100 мыңнан астам адамды құрайтын 126 ақпараттық іс-шара ұйымдастырылды.

Жұмысшы кәсіптерін насихаттау және мектеп оқушыларын кәсіптік бағдарлау мақсатында кездесулер, шеберлік сабақтары, оқу алаңдары мен кәсіпорындарға экскурсиялар өткізілді. Жыл сайын "Жаз менің болашақ кәсібіммен" жазғы лагері аясында мақсатты іс-шаралар ұйымдастырылады. WorldSkills құралдары белсенді пайдаланылып, мектеп оқушыларының жұмысшы кәсіптеріне деген қызығушылығын арттырады. ҚР Білім беру министрлігімен бірлесіп 9-сынып оқушылары қатысқан қалалық және республикалық JasSkills чемпионаттары өткізілді. Сонымен қатар, «Бір мектеп – бір дағды», «Дублер күні» сияқты кәсіптік бағдарлау іс-шаралары өткізіліп, бірқатар мектептерде бейіндік сыныптар құрылды.

Алматының кәсіптік білім беру жүйесі «мемлекет – бизнес – халықаралық серіктестер» үштігіне негізделген тиімді үлгіні көрсетеді. Тәжірибелік дағдыларға баса назар аудару, әлемдік стандарттарға сәйкестік және жұмыс берушілермен тікелей өзара әрекеттесу түлектердің жұмысқа орналасу деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етіп, мегаполис пен өңірдің экономикалық дамуына тікелей әсер етеді.