«Адалдық сағаты» акциясы аясында онлайн сабақ өтті

«Адалдық сағаты» акциясы аясында онлайн сабақ өтті

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің бастамасымен және Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен қаланың барлық білім беру ұйымдарында Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының ардагері, көптеген ордендер мен наградалардың иегері, жазушы Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына арналған «Бауыржан Момышұлы: абырой мен ерлік-батырлық белгілері» тақырыбында онлайн сабақ өтті.

«Адалдық сағаты» жалпыреспубликалық акциясы аясында ұйымдастырылған онлайн сабақ өскелең ұрпаққа патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие беру, рухани құндылықтарды насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында өткізілді.

Онлайн іс-шара барысында оқушыларға көрнекті әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының өмірбаяны, әскери ерліктері, өмірлік ұстанымдары туралы танымдық материал ұсынылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, өскелең ұрпақтың бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды тәрбиелеу адамгершілік қасиеттері мен адал еңбегі құнды болып саналатын қайырымды қоғамның қалыптасуына ықпалын тигізеді.