«Электроника және Smart технологиялар негіздері туралы» тақырыбында қалалық семинар өткізілді

«Электроника және Smart технологиялар негіздері туралы» тақырыбында қалалық семинар өткізілді

Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастырылуымен «Электроника және Smart технологиялар негіздері туралы» тақырыбында орта, кәсіптік және техникалық ұйымдары, оқушылар Сарайы мұғалімдерінің және арнайы шақырылған қонақтардың қатысуымен қалалық онлайн семинар өткізілді.

Семинар барысында Орталықтың директоры А.Ж.Қасымбек барлық салаларда цифрлық технологияларды енгізу процесі белсенді түрде жүріп жатқанын және оның білім беру жүйесімен тікелей байланысты екенін, сондықтан бәсекеге қабілетті және белсенді тұлғаны қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталуы тиістігін өз сөзінде атап өтті.

Семинарларға қатысушылар білім және ғылым саласында енгізу және цифрландыру процесінде оқушылардың ынтасын арттыру мақсатында өткізілетін Электроника және Smart технологиялар негіздері бойынша қашықтықтан олимпиада өткізу туралы ережені қарастырды.

Сонымен қатар, семинарда радиотехника және электроника бойынша олимпиада өткізудің жобалық үлгісін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің PhD докторы М.К.Ибрагимов ұсынды.