Алматыда гендерлік зорлық-зомбылықты жою жолдары талқыланды

Алматыда гендерлік зорлық-зомбылықты жою жолдары талқыланды

Бүгін Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы мектеп оқушыларының инновациялық шығармашылық орталығында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн активті әрекет» науқанын аяқтауға арналған конференция өтті.

Алматы қаласы Білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығы (ПҚО) ұйымдастырған конференцияның мақсаты – отбасылық зорлық-зомбылықты алдын алу және онымен күресу шаралары, сондай-ақ кез келген түрдегі агрессияға нөлдік төзімділік көрсету туралы қоғамдық хабардарлықты арттыру болды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, БҰҰ-дың, дағдарыстық орталықтардың өкілдері қатысты.

«Заңнамадағы, әлеуметтік қызметтердегі, зардап шеккендерді қорғау және қолдау жүйесіндегі қолданыстағы мәселелер, гендерлік зорлық-зомбылықтың онлайн және офлайн ортадағы жаңа түрлері мен көріністері, сондай-ақ дағдарыстық орталықтардың, азаматтық қоғамның және мемлекеттік қызметтердің рөлі мен өзара әрекеттесуі туралы конструктивті диалог жүргізілді», - деп хабарлады ПҚО директоры Венера Коканова.

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн активті әрекет» акциясы – БҰҰ-ның егімен басталған жаһандық науқан. «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн активті әрекет» жыл сайынғы халықаралық науқаны әдетте аяқ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күніне орай, 25 қарашада басталып, адам құқықтары күніне орай, 10 желтоқсанда аяқталады, бұл зорлық-зомбылықты жою жөніндегі күш-жігерінде үкіметтер мен қоғамдық ұйымдарды біріктіреді.