Қарттар күніне арналған "Қарттарым-асыл қазынам" акция саясында іс-шаралары өткізілді

Қарттар күніне арналған "Қарттарым-асыл қазынам" акция саясында іс-шаралары өткізілді

Медеу ауданының білім бөлімі Алматы қаласының Медеу ауданы әкімдігінің қолдауымен білім беру ұйымдарының директорларымен бірлесіп, Қарттар күніне арналған "Қарттарым-асыл қазынам" акциясы аясында аға буын өкілдеріне көмек көрсету және басқа да  тақырыптық іс-шаралары өткізілді.

2020 жылғы 20 қазанда "Qazaqstan" телеарнасының "Tańsholpan" бағдарламасының эфирінде танымал жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің құрметті ақсақалы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, "ПЕН-клуб" және "Платиналы Тарлан" халықаралық сыйлықтарының лауреаты, "Құрмет" орденінің кавалері Дулат Исабековпен кездесу өтті.

Кездесуге қатысушылар Дулат Исабековті туған күнімен құттықтап, оған жылы лебіздерін білдіріп, сондай-ақ жас ұрпақ үшін жазушының  шығармашылық маңыздылығы аталып өтті.