
Алматы қаласы Білім басқармасы 2025 жылдың 3-5 желтоқсан аралығында Атырау қаласында өтетін білім беру ұйымдарының басшылары арасындағы «Director’s CUP» V Республикалық дебат турнирінің өтуі туралы хабарлайды.
Турнирге Алматы қаласынан мына басшылар қатысады:
Турнир білім саласының көшбасшылары арасында басқару құзыреттерін дамыту, озық тәжірибелермен алмасу және ашық кәсіби диалог мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Қатысушыларды мазмұнды раундтар, білім берудің өзекті мәселелерін талқылау және тиімді шешімдер іздеу күтіп тұр.
Турнир аясында білім беруді дамытудың негізгі мәселелері бойынша дебаттық раундтар, пікірталас сессиялары және сарапшылардың талқылаулары жоспарланып отыр. Алматылық басқарушылардың қатысуы кәсіби қауымдастықты нығайтуға және білім саласында инновациялық басқару тәсілдерін ілгерілетуге маңызды үлес қосады.
Мектеп басшыларымызға сәттілік тілейміз!
Фото: Казахстанская правда