
2025 жылдың 28 қарашасында Алматы қаласы Білім басқармасы Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып Малайзиялық тәжірибені алмасу бойынша оқу семинарын өткізді.
Мегаполис педагогтері Бостандық ауданындағы №146 мектеп-лицейде «Жасанды интеллект білім беруде: Малайзия тәжірибесінің тиімділігі» тақырыбын талқылады.
Малайзияның UCSI UNIVERSITY- інде халықаралық тағылымдамадан өткен «Алматы ұстазы – 2025» қалалық конкурсының жүлдегерлері ЖИ-ті білім беру процесінде қолданудың озық тәжірибесін ортаға салды.
Бағдарлама аясында педагогтер STEM оқытуға арналған AI технологиясын, оқу материалдарын генерациялау, оқытудың жеке траекториясы мен білім беруді талдау әдістерін меңгерді.
Қатысушылар бағдарлама арқылы заманауи білім беру тәжірибесімен, AI технологиясын оқу үдерісінде қолдану әдістерімен танысып, тәжірибелік сабақтар мен сараптамалық сессияларға қатысты.
Нәтижесінде тәжірибе Алматы қаласы білім беру ұйымдарына енгізіліп, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту және оқу процесінің тиімділігін арттыруға бағытталады.