15 қазан - Кітапханашылар күні!

15 қазан - Кітапханашылар күні!

Бүгін 15 қазан күні кітапхана саласының қызметкерлері кәсіби мерекелері - кітапханашылар күнін атап өтті.

Бұл мереке кітапханада жұмыс істейтін қызметкерлердің ғана емес, кітап оқуды ұнататын оқырмандардың да мерекесі.

Өз мамандығына құмар кітапханашылар Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтауға өз үлестерін қоса отырып, кітапхана ісінің ғасырлық дәстүрлерін жалғастыруда.

Мереке қарсаңында «Ұстаз» кәсіподағы аудандық филиалдарының қолдауымен кітапхана саласында ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан мектеп кітапханашыларына алғыс хаттар табыстады.

Кітапхана жүйесінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілей отырып, еңбектеріңізге алғыс айтамыз!